17/09/2026
Бүгін туған күнім келіп жетті. 🎂
Биыл туған күнімді үйде, жақындарымның ортасында емес, жол үстінде қарсы алу бұйырыпты. Қазір Алакөлге қарай жол жүріп келемін. Кейде осындай сәттерде адам айналасына емес, өз ішіне үңіліп, өткеніне есеп беріп, болашағын ойлайды екен.
Өткен бір жарым жылға көз жүгіртсем, қуанышы да, қиындығы да аз болмады. Қателестім, сүріндім, кей адамдардың көңілін қалдырдым. Соған қынжыламын. Кейбір аға-бауырларымның алдында қарыздар болып қалдым. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар деп сенемін. Уақыты келгенде сол қарыздарымнан да құтылып, көңілдеріне кірбің түсірген жерлерімнің орнын толтырармын.
Осы туған күнімде өзіме көп нәрсе тілемеймін.
Сынбайтын жігер, асқан рух, сабыр мен табандылық тілеймін.
Қандай жағдай болса да, бастаған жолымнан таймай, ойлаған армандарыма өз еңбегіммен жетсем екен деймін.
Ал ата-анама айтар алғысым шексіз. ❤️
Қандай қателік жасасам да, қандай жағдайға түссем де, әрдайым жанымнан табылып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс. Кейде сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниелер болады. Бірақ мен сіздердің әрбір қолдауларыңызды жүрегіммен сезінемін.
Маған сенген, мені қолдаған, жақсы сөзін аямаған әрбір жанға да алғысым шексіз. Бәлкім, қазір бәрі ойдағыдай емес шығар. Бірақ мен өзіме әлі де сенемін.
Қазір Алакөлге қарай жол жүріп келемін. Бұйырса, бұл сапар мен үшін жай ғана демалыс емес, жаңа тыныс, жаңа күш, жаңа “екінші дем” болары анық.
Мен әрқашан өзімнен шабыт алдым.
Әлі де ала беремін.
Өйткені адамға ең алдымен өзінің өзіне деген сенімі керек.
Алдымда әлі талай асу, талай белес бар.
Бәріне бір күнде жетпесем де, біртіндеп, табандылықпен жетемін. Бұған кәміл сенемін.
Жаңа жасым — жаңа бастамаларымның бастауы болсын.
Ата-анам аман, бауырларым бүтін, жақындарым жанымда болсын.
Бақытты сәттеріміз көп болсын. 🫂❤️