14/05/2026
2026 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша трансплантацияны Күту парағында 4 604 пациент тіркелген, оның 120-сы - балалар.
kz деректеріне сәйкес, алдыңғы жылдармен салыстырғанда трансплантация саны шамамен 3 есеге артқан: егер 2024 жылы қайтыс болған донорлардан 23 трансплантация жасалса,
2025 жылы бұл көрсеткіш 68 операцияға жетті.
Алайда оң динамикаға қарамастан, мәселе әлі де өзекті болып отыр.
2025 жылы 342 пациент трансплантацияны күте алмай, қайтыс болуына байланысты Күту парағынан шығарылды.
Heart Center Foundation қоғамдық қоры жыл сайын
Күту парағында тұрған пациенттерді қолдау мақсатында JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY жүгіру фестивалін өткізеді.
Жүгіру фестивалінің қатысушысы бола отырып,
сіз қоғамда маңызды мәселелер туралы ақпараттың артуына ықпал етіп, қолдау мәдениетін қалыптастыруға жәнеьҚазақстандағы трансплантологияның дамуына үлес қосасыз.
Тіркеу жарналарының арқасында 2025 жылы Қор
дәрігер-координаторларға арналған білім беру гранттарын қаржыландырып, сондай-ақ жетекші қазақстандық трансплантологтардың
өңірлік стационарларға іссапарларын ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Қор еліміздегі трансплантологияны дамыту мақсатында
РТЖТМҚО-ға .kz 15 000 000 теңге бағыттады.