26/05/2026
26 мамырда Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Турнирдің соңғы жарыс күнінде жекелей жаттығулар бойынша финалдар өтіп, жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық гимнастар барлық бағдарламада медаль жеңіп алды.
Ақмарал Ерекешева жарысты сәтті өткізіп, қоржынына тағы үш жүлде салды. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда күміс медаль еншілеп, доп және ұршықтармен орындалатын жаттығуларда қола жүлдегер атанды. Ал Айбота Ертайқызы таспамен орындалатын жаттығуда үшінші орынға ие болды.
Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хәкімжанова және Жасмин Жүнісбаева бес доппен орындалатын жаттығуда екінші орын алды. Сондай-ақ ұлттық құрама үш шығыршық және екі жұп ұршықпен орындалатын жаттығуларда күміс медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлдегер атанған еді. Ал топтық көпсайыста қазақстандық гимнастар жарысты үшінші орынмен аяқтады. Командалық көпсайыс қорытындысында Қазақстан құрамасы екінші орын алды.
———
Сегодня, 26 мая, в Бишкеке (Кыргызстан) завершился чемпионат Азии по художественной гимнастике.
В заключительный день турнира были разыграны медали в финалах отдельных упражнений. Казахстанские гимнастки сумели отметиться наградами во всех дисциплинах.
Успешно выступила Акмарал Ерекешева, пополнившая свою коллекцию тремя медалями. Спортсменка завоевала серебряную награду в упражнении с булавами, а также стала бронзовым призером в упражнениях с обручем и мячом. Айбота Ертайкызы в упражнениях с лентой была третьей.
Дважды на пьедестал поднялась сборная Казахстана в групповых упражнениях. Айзере Кенес, Айзере Нурмагамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хакимжанова и Жасмин Джунусбаева завоевали серебряные медали в упражнениях с пятью мячами, а также в программе с тремя обручами и двумя парами булав.
Добавим, что ранее Айбота Ертайкызы стала второй в индивидуальном многоборье. В групповом многоборье казахстанки финишировали на третьей строчке. В командном многоборье Казахстан показал второй результат.