Freedom QJ League

Directions

Freedom QJ League Freedom QJ League ресми парақшасы | Официальная страница Freedom QJ League

10/11/2026

Freedom QJ League чемпиондар кубогы QJ Gravity Awards салтанатына Алматыға қалай жеткенін бірге тамашалайық ✈️🏆

Маусымның басты жүлдесін аман-есен жеткізген S**T Airlines компаниясына зор алғыс!

10/11/2026

UNICEF Қазақстан QJ Gravity Awards салтанатына қатысты ⚽️

Freedom QJ League серіктесі UNICEF Қазақстан 7 қарашада Алматыда өткен маусым қорытындысына арналған QJ Gravity Awards салтанатты рәсіміне қатысты.

Ұйым өкілдері «Үздік дәрігер» және «Үздік психолог» номинацияларының жеңімпаздарын марапаттады. Осылайша салтанатта маусым бойы лига ойыншыларының денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаған мамандар атап өтілді.

Біз үшін жас футболшылардың тек физикалық тұрғыда дамуы ғана емес, алаңнан тыс жерде де қолдауды сезінуі маңызды. UNICEF Қазақстанға серіктестігі мен балаларға деген ортақ қамқорлығы үшін алғыс айтамыз! 💙⚽️

10/11/2026

Mastercard QJ Gravity Awards салтанатына қатысты 💳

Freedom QJ League қыздар лигасының демеушісі Mastercard 7 қарашада Алматыда өткен маусым қорытындысына арналған QJ Gravity Awards салтанатты рәсіміне қатысты.

Маусым бойы компания лигадағы қыздар футболын қолдап келді, ал тур ойыншысы мен турдың үздік голының авторына берілетін марапаттар оның атымен аталады.

Салтанатта Mastercard компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бас директоры «Үздік жетекші» номинациясының жеңімпазын марапаттады. Бұл жүлде «Жас Қыран» командасынан Зауржан Балтиевке бұйырды.

Кештің тағы бір әсерлі сәті қайырымдылық аукционы болды. Mastercard ұсынған Эрлинг Холандтың жейдесі 3 000 000 теңгеге сатылды. Оның жаңа иесі «Жас Қыран» командасының иесі Берік Қаниев атанды. Аукционнан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Mastercard компаниясына қыздар футболын қолдағаны және бірлесіп игі іс атқаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз! 💛⚽️

10/11/2026

Қонақтарымыз Changan-мен қай ән байланысатынын айтып берді 🎶🚗

Ал сіз қандай әнді қосар едіңіз? Пікірге жазыңыз 👇

10/11/2026

Қонақтарымыз Changan UNI V көлігінің бағасын болжап көрді 🚗

Ал сіздің ойыңызша, ол қанша тұрады? Жауабыңызды пікірге жазыңыз 👇

Freedom Bank Freedom QJ League маусымының үздік ойыншыларын марапаттады ✅Маусым бойы Freedom Bank Freedom QJ League ойын...
09/11/2026

Freedom Bank Freedom QJ League маусымының үздік ойыншыларын марапаттады ✅

Маусым бойы Freedom Bank Freedom QJ League ойыншыларына алаңда өткізген әр минуты үшін Freedom инвестициялық валютасында 75 теңгеден аударып отырды. Осылайша әр матч футболшылар үшін мансаптағы қадам ғана емес, болашағына салынған инвестицияға да айналды.

QJ Gravity Awards салтанаты аясында банк маусымның үздік футболшыларын қосымша марапаттады. Маусымның үздік ойыншысы, сондай-ақ үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы Freedom валютасында 200 000 теңгеден алады.

Дәл осындай сыйақыға U17, U16, U15, B және W лигаларындағы маусым жеңімпаздары да ие болады.

Freedom Bank-ке лига ойыншыларын алаңда ғана емес, қаржылық болашағы туралы ойлауға үйретіп те қолдап жүргені үшін алғыс айтамыз! 💚⚽️

09/11/2026

Чемпионның QJ Gravity Awards влогы 🎥🏆

Маусымның басты жеңімпаздары кешті қалай өткізгенін бірге көрейік! Салтанат алдында біз «Қайрат» ойыншысы Ислам Рақымға Osmo камерасын тапсырдық, ал ол QJ Gravity Awards кешін чемпиондардың көзімен көрсетті.

Ислам үшін лига блогері рөлі алғашқы тәжірибе емес. Өткен жолы ол бізге QJL All Star кешкі асынан влог түсіріп берген еді, әрі бұл іске шын шебер екені байқалады 😉

Чемпиондар үшін мерекелік кеш қандай болғанын тамашалаңыздар ⚽️✨

Address

Достык 16
Tselinograd

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Freedom QJ League posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category

Nearby gyms & sports facilities