10/12/2025
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен басқармаға қарасты спорт мекемелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесіне жауапты мамандар мен мекеме басшыларының орынбасарлары үшін оқыту семинары өткізілді.
Аталған семинарды Жамбыл облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас инспекторы Байгонысова Балайым Нілдебайқызы жүргізіп, қатысушыларға "е-Өтініш" ақпараттық жүйесінде жолданымдармен жұмыс жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, жұмыс сапасын жақсарту болып табылады.