03/05/2023
🔰Қауіпсіздігіміз Сіздерге аманат - AMANAT партиясы!
✅Жамбыл облысы,Байзақ ауданы, Көктал ауылындағы тозығы жеткен "Көктал-2" су каналының мәселесін көтеріп жүргеніме көп болды, білесіздер.
"AMANAT"партиясына арнайы хат жаздық. Партияның Байзақ аудандық филиалының басшысы Спаналиева Индира Абылханқызы бір топ депутаттар мен атқарушы орган өкілдерін жинап келді. Тозығы жеткен каналды көрді. Тұрғындардың өтініші тыңдалып, аудан басшылығының шешімі айтылды. Жоспар бойынша 2024жылы толық жөндеуден өтетіндігін жеткізді.
Қош, осымен хатқа жауап беру үшін келген іс-шара орындалып, аяқталды деп ойладық. Әдетте осылай еді ғой...
✅Жоқ, бұл жолы ма, әлде бұл жылы десем дұрыс па, басқаша байланыс орнады👏 Аудандық партия басшысы жиі байланысып тұрды. Таң қалдық... Депутаттарды ұйымдастырып, арнайы құм түсіріп, қап пен кленка алдырып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін деп "қамқорлық" басталды да кетті. Ауыл әкімшілігі қызметкерлерімен келіп, каналды айналшықтап, жарықшақтарды түгелдеп... Құм толтырылған қаптар канал бойына қаланып, көзіміз қуанып, уайымымыз сейілді...
✅Бұл - бір жыл болса да тұрғындарды су астында қалдырмайық деген жанашырлық деп білдік.
Ішіміз жылып қалды...
Біткен істі өз көзімізбен көрейік деп, партия басшылығы қайта келіп, көріп кетті.
✅Шынымызды айтсақ, әуелде атқарушы органдардан сілтеме жауаптар ғана келіп жүрген. Енді AMANAT-тан көмек сұрайық дегенде - тұрғындар арасында: "Партиядан ба, олар не шешеді?"-деген сенімсіздік туғаны рас.
✅Енді міне, "халықтың үнін естіді" деген осы деп қуанып қалдық. Партия жаңарды ма, іс-әрекет жаңарды ма, қалай десек те көзқарасымыз жаңарды. Әсіресе канал бойында тұратын 7 үйдің тұрғындарының көзқарасы тошны жаңарды😊
✅Хаттар дұрыс жауабын, партиялар дұрыс жолын, Еліміз дұрыс бағытын тауып, бейбіт заман болсын!!!🤲
2024 жылғы жоспар өз уақытында орындалып, толықтай қуанатын күн тусын!
Ат салысқан партия, депутат, төраға, әкімшілік баршаңызға алғыс айтамыз🙌gov.kz
talgat
#кокталканал #аманатпартиясы #жамбылоблысы #жанайқайымыздыестідіңіздер