11/08/2026
🌍 3–9 тамыз аралығында ерлер командалары арасында World U-16 Water Polo Championship әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әртүрлі елдердің U-16 жас санатындағы ұлттық құрамалары қатысты. Қазақстан құрамасы да әлемдік аренада ел намысын қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қорытынды классификацияда 23-орынға ие болды.
Халықаралық турнирге қатысу командамыз үшін маңызды тәжірибе жинақтап, U-16 жас санатында әлемнің үздік құрамаларымен бәсекеге түсуге мүмкіндік берді.
🏆 Чемпионат қорытындысы бойынша Хорватия құрамасы чемпион атанды. Екінші орынды Испания құрамасы, ал қола жүлдені Сербия құрамасы иеленді.
Қазақстанның U-16 құрамасына алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа тәжірибе мен биік жетістіктер тілейміз! 🇰🇿