28/08/2026
Марапат — еңбектің еленгені ғана емес, алдағы жұмысқа берілген үлкен жауапкершілік деп білемін.
Бүгін Құрылтай сайлауы аясындағы үгіт-насихат жұмыстарына белсенді атсалысқан азаматтар қатарында «Әділет» партиясы төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хатпен марапатталдым.
Сайлауалды науқан кезінде партияның бағдарламасын тұрғындарға түсіндіріп, халықпен кездесулерге қатысып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Бұл кезең мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әсіресе, әртүрлі ортадағы адамдармен жүздесіп, олардың елдің болашағына қатысты ойларын тыңдау маңызды әсер қалдырды.
Осы орайда еңбегімізді бағалап, Алғыс хатпен марапаттаған партия басшылығына және партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мурат Жолдыхожаев Мұрат Жолдыхожаевқа алғысымды білдіремін.
Елге қызмет ету – бір науқанмен шектелмейді. Алдағы уақытта да қоғамға пайдалы бастамаларға өз үлесімді қосуға дайынмын.