Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Shymkent
  • Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Спорт - денсаулық кепілі!

ШЫМКЕНТ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ🔷 Бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басш...
29/05/2026

ШЫМКЕНТ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Қанат Жолдықараев Шымкент қаласы күрес федерациясының президенті Досжан Шалқарды қабылдады. Кездесу барысында қала спортын дамыту, грек-рим, еркін және әйелдер күресінің әлеуетін арттыру, жас спортшыларды қолдау, сондай-ақ алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

🔷 Тараптар бұқаралық спортты дамыту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшылар даярлау бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Маңызды басқосу өзара ынтымақтастықты нығайтып, Шымкент спортының жаңа белеске көтерілуіне негіз болатын нәтижелі кездесу ретінде бағаланды.

#шымкент #спорт

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 29 мамырда өтеді 🔷 Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 29 мамырда Шымкент ...
26/05/2026

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 29 мамырда өтеді

🔷 Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 29 мамырда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

🔷 Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) сағат 16.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.


Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 29 мая

🔷 По поручению акима города, 29 мая 2026 года в городе Шымкент пройдет акция «Народный юрист».

🔷 Акция начнется в 16.00 в городе Шымкент, в парке «Арбат» (улица Бейбитшилик, 4-6). Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них – представители местного исполнительного органа, территориальных и правоохранительных органов, прокуроры, следователи, судебные исполнители, адвокаты, нотариусы и другие.

#шымкент #спорт #заң #закон

25/05/2026

🔔 ТҮЛЕКТЕР ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Қанат Жолдықараев №27 жалпы орта мектеп қабырғасында өткен мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шарасына қатысты. Мерекелік жиында Қанат Жарылқапұлы мектеп бітіруші түлектерді өмірлеріндегі ерекше белеспен құттықтап, оларға ақ жол тіледі.

- «Бүгін - мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын түлектер үшін аса маңызды күн. Мектеп - жас ұрпаққа білім мен тәрбие, азаматтық ұстаным мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қасиетті орта. Осы орайда, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға және бала тәрбиесі мен болашағына үлкен жауапкершілікпен қолдау көрсетіп келе жатқан ата-аналарға зор алғысымды білдіремін. Сіздер - Тәуелсіз елісіздің ертеңі мен жарқын болашағысыздар. Алдағы өмір жолында алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз Сіздерге сенімді бағыт-бағдар болады деп сенемін. Ел болашағына үлес қосатын, білімді, мәдениетті, отансүйгіш әрі жауапты азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспін», — деп түйіндеді.

🔷 Айта кетейік, биыл аталған мектепте 11-сыныпты екі қазақ және екі орыс сыныбы аяқтап отыр.

⤵️ ШЫМКЕНТТЕ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ🔷 Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин арнайы Астанадан Шымкент қаласына ...
21/05/2026

⤵️ ШЫМКЕНТТЕ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔷 Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин арнайы Астанадан Шымкент қаласына келіп, өзіне жол көрсеткен ұстазы — Қанат Жарылқапұлы Жолдықараевпен кездесті.

🔷 2016 жылы Дмитрий Баландин Қазақстанға жүзу спортынан тұңғыш Олимпиада алтынын сыйлап, ел тарихына есімін алтын әріппен жазды. Сол кезде ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының спортшысы болса, Қанат Жарылқапұлы сол білім ордасының директоры қызметін атқарған еді. Арада он жылға жуық уақыт өтті. Бүгінде ұстаз — Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік етсе, шәкірт — Қазақстанның Су спорт түрлері федерациясының Бас хатшысы қызметінде еңбек етуде.

🔷 Бұл кездесу — жай ғана жүздесу емес, ұстазға деген құрметтің, өткен күнге деген сағыныштың белгісі болды. Кездесу барысында Қанат Жарылқапұлы шәкіртіне «Шымкент» кітабын сыйға тартып, ақжарма тілегін жеткізді. Уақыт өтсе де, шынайы сыйластық өзгермейді. Өйткені үлкен жеңістің артында әрдайым ұстаздың сенімі мен еңбегі тұрады.

#шымкент #спорт

19/05/2026

#шымкент #спорт

🤼‍♂️🇰🇿 АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН: ШЫМКЕНТ БАЛУАНДАРЫ ЕЛ КУБОГЫНДА ЖАРҚЫРАДЫ🔷   қаласындағы “Almaty Arena” спорт кешенінде бір ап...
17/05/2026

🤼‍♂️🇰🇿 АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН: ШЫМКЕНТ БАЛУАНДАРЫ ЕЛ КУБОГЫНДА ЖАРҚЫРАДЫ

🔷 қаласындағы “Almaty Arena” спорт кешенінде бір аптаға созылған күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықты балуандар оңтүстік астанада бас қосып, әр салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

🔷 Дүбірлі дода барысында жанкүйерлер де тартысқа толы белдесулерді қалт жібермеді. Жарысты Qazsport телеарнасы мен Қазақстан күрес түрлері федерациясының YouTube арнасы тікелей эфирде жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік әлеуметтік желіде мұндай сапалы трансляцияның шетелдік жарыстардан еш кем түспейтінін ерекше атап өтті.

🔷 Жарыстың шымылдығын еркін күрес шеберлері түйіндеді. Бұл сыннан қаласының спортшылары 1 алтын және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер күресінде шымкенттік арулар 2 қола жүлдеге қол жеткізсе, грек-рим күресінің балуандары 2 күміс және 2 қола медаль иеленді.

🔷 Еркін күресте 65 келі салмақта Начын Куулар қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді жеңіп алды. Ал 74 келіде белдескен Дархан Есеғали мен 79 келіде өнер көрсеткен Таир Шәмсат қола жүлдені місе тұтты.

🔷 Әйелдер күресінде 50 келідегі Серік Гүлім мен 65 келідегі Бейбіт Сейдуалы үздік үштіктен көрініп, қола жүлдеге ие болды. Ал грек-рим күресінде аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов пен 82 келідегі Омар Сатаев күміс жүлде олжаласа, 55 келідегі Ерасыл Мұсан мен 72 келідегі Әділхан Сатаев қола медаль еншіледі.

🔷 Осылайша, ел біріншілігінде шымкенттік балуандар намысты қолдан бермей, жанкүйер сенімін ақтады. Енді спортшыларды алда халықаралық додалар мен Азия ойындарына іріктеу сындары күтіп тұр.

🔷 Айта кетейік, Қазақстан кубогында топ жарған балуандар биыл Жапонияның Nagoya қаласында өтетін ХХ Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.

#шымкент #спорт

🧗🇰🇿 АЛМАТЫ АСУЫН БАҒЫНДЫРҒАН ШЫМКЕНТ ӨРМЕЛЕУШІЛЕРІ🔷   қаласында спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қ...
17/05/2026

🧗🇰🇿 АЛМАТЫ АСУЫН БАҒЫНДЫРҒАН ШЫМКЕНТ ӨРМЕЛЕУШІЛЕРІ

🔷 қаласында спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде еліміздің әр өңірінен жиналған үздік спортшылар бақ сынап, тартысқа толы жарыс жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.

🥇Чемпионаттың «қиындық» бағдарламасында шымкенттік спортшы Алексей Панфилов жоғары шеберлігін көрсетіп, чемпион атанды. Сонымен қатар командалық есепте күміс жүлдеге ие болды.

🥈Ал жылдамдық бағдарламасында өнер көрсеткен Тамара Ұлжабаева сәтті өнерімен көзге түсіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Бұдан бөлек, командалық сында қола жүлдегер атанып, қаласының мерейін үстем етті.

🔷 Айта кетейік, ел чемпионатына барлығы 60-қа жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

#шымкент #спорт

🏋️‍♂️ АУЫР АТЛЕТИКА: Александр Уваров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 🔷 Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп ж...
17/05/2026

🏋️‍♂️ АУЫР АТЛЕТИКА: Александр Уваров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

🔷 Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

🔷 Ерлер арасында -88 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Александр Уваров жұлқа көтеру сайысында 165 кг зілтемірді көтеріп, 3-орын алды. Бұл оған өз кезегінде осы сынның қола медалін иеленуге мүмкіндік берді.

🔷 Осыдан кейін Ұлттық құрама спортшысы серпе көтеру бағдарламасында 200 кг көрсеткішпен 4-сатыдан көрінді. Ал жалпы есепте Александр 365 кг (165+200) нәтижемен 5-орын алды. Осы салмақта тағы бір отандасымыз Әлібек Рахымберді 9-сатыда. Бұл Қазақстан командасының осы сары құрлық бәсекесіндегі бірінші жүлдесі. Жарыс 18 мамырда мәресіне жетеді.

#шымкент #спорт

🤼‍♀️🇰🇿 ШЫМКЕНТТІК АРУЛАР ЕЛ КУБОГІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ🔷 Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан...
15/05/2026

🤼‍♀️🇰🇿 ШЫМКЕНТТІК АРУЛАР ЕЛ КУБОГІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

🔷 Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогінде әйелдер күресінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Дүбірлі додада Шымкент қаласының спортшы қыздары намысты қолдан бермей, ел қоржынына екі қола жүлде салды.

🥉50 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан шымкенттік балуан Гүлім Серік үздік үштіктен көрінді. Жартылай финалда ол осы салмақтың көшбасшы спортшыларының бірі, Батыс Қазақстан облысының өкілі Зейнеп Баяновамен белдесіп, тартысты кездесуде есе жіберді. Алайда жерлесіміз сағын сындырмай, қола жүлде үшін өткен белдесуде түркістандық қарсыласы В. Джалғасты жеңіп, Қазақстан кубогінің қола жүлдегері атанды.

🥉Ал 65 келі салмақта Шымкенттің тағы бір үміті Бейбіт Сейдуалы бақ сынады. Жартылай финалда алматылық спортшы Жаңыл Бекенге жол бергенімен, қола медаль үшін өткен тартысты белдесуде қостанайлық А. Такеннен басым түсіп, жүлделі үшінші орынды иеленді.

🔷 Осылайша, Шымкент қаласының әйелдер күресі құрамасы Қазақстан кубогін екі қола жүлдемен қорытындылап, жанкүйерлер сенімін ақтады. Спортшы қыздардың бұл жетістігі — қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі.

#шымкент #спорт

15/05/2026

⤵️⤵️⤵️ Осы жексенбі күні өтетін велошеруге шақырамыз!

🔷 Велоспорт – денсаулықтың кепілі, белсенді әрі заманауи өмір салтының ажырамас бөлігі. Сондықтан баршаңызды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қорғаныш құралдарын (шлем және т.б.) пайдалануға шақырамыз.

🔷 Қызғалдақ сарайынан басталатын велошеруде бірге қозғалып, көтеріңкі көңіл-күй мен спорттық атмосфераны сезінейік!

Бұл тек серуен емес — бұл қозғалыс, бұл энергия, бұл бірлік!

🕘 Басталуы: 08:00
Барлығыңызды күтеміз!

#шымкент #спорт

🥊🇰🇿 ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ🔷 2026 жылдың 3–15 мамыры аралығында Ташкент қаласында ө...
14/05/2026

🥊🇰🇿 ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

🔷 2026 жылдың 3–15 мамыры аралығында Ташкент қаласында өткен Бокстан U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен шымкенттік жас былғары қолғап шеберлері жоғары нәтиже көрсетті.

🔷 Атап айтқанда, U15 жасөспірім ұлдар арасындағы 61 келі салмақта Рауан Тоғызбай Азия чемпионы атанды. Финалда ол өзбекстандық Азизбек Эгамбергановпен қолғап түйістіріп, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

🔷 U15 жасөспірім қыздар арасындағы 70 келіден жоғары салмақта Көркем Ғалым финалға дейін сүрінбей жетіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Дәл солай, 46 келі салмақта өнер көрсеткен Сабрина Адилханова да күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 58 келіде шаршы алаңға шыққан Ардақ Абдихан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

🔷 Жалпы, Қазақстанның U15 ұлдар және қыздар құрамасы Азия чемпионатын 7 алтын, 8 күміс және 9 қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады. Шымкенттік жас спортшылардың бұл жетістігі — еліміздегі бокстың қарқынды дамып келе жатқанын айқын дәлелдейтін үлкен жеңіс.

#шымкент #спорт

Address

Мәделі Қожа, 1А
Shymkent
160000

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category