Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Semey
  • Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Біздің мақсатымыз - өңір тұрғындарын спорт саласының жетістіктерімен ақпараттандыру.

Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026 Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026 халықар...
30/08/2026

Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Абай облысының спортшысы Алтынбек Кәкітаев сурдо дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Алтынбекті және оның жаттықтырушыларын жеңісімен құттықтаймыз!Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз! 🇰🇿🥋

Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026 Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026 халықар...
30/08/2026

Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Deaf Judo Grand Slam Lausanne 2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Абай облысының спортшысы Алтынбек Кәкітаев сурдо дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Алтынбекті және оның жаттықтырушыларын жеңісімен құттықтаймыз!Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз! 🇰🇿🥋

Дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты2026 жылғы 29 тамыз - 1 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында ерлер ме...
29/08/2026

Дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты

2026 жылғы 29 тамыз - 1 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болды:

🥈 Серіков Мади - 60 кг;

🥉 Имаханов Есентай - 66 кг.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы белдесулерде спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз! 🇰🇿🥋

🥇 ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ! 🇰🇿Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қ...
24/08/2026

🥇 ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ! 🇰🇿

Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста тарихта тұңғыш рет чемпион атанды!

Финалда ұлттық құрама Бразилияны жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

👏 Қазақстан құрамасының жеңісіне Абай облысының спортшысы Сайлаубеков Әлижан да өз үлесін қосты. Әлижан ел намысын абыроймен қорғап, аралас командалық сайыста әлем чемпионы атанды!

Бұл - Абай облысы үшін де зор мақтаныш!

Айта кетейік, осы әлем чемпионатының жекелей сынында Абай облысының спортшысы Құдайберген Бекарыс қола жүлдегер атанған болатын. 🥉

Жеңісті күндеріміз көп болсын! Құттықтаймыз! 🇰🇿

Құдайберген Бекарыс – Әлем чемпионатының қола жүлдегері! 🥉🇰🇿Абай облысының спортшысы Құдайберген Бекарыс дзюдодан кадетт...
21/08/2026

Құдайберген Бекарыс – Әлем чемпионатының қола жүлдегері! 🥉🇰🇿

Абай облысының спортшысы Құдайберген Бекарыс дзюдодан кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында жүлдегер атанды! 🔥

2026 жылғы 20–23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада Құдайберген Бекарыс -50 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, жарыстың қола жүлдесін иеленді.

🏆 Спорт күні құтты болсын!Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спорт жанашырлары!Сіздерді денсау...
16/08/2026

🏆 Спорт күні құтты болсын!

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спорт жанашырлары!

Сіздерді денсаулық пен сергектіктің, жігер мен жеңістің мерекесі – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт – адамды биік мақсаттарға жетелейтін, рухты шыңдап, ерік-жігерді қалыптастыратын маңызды құндылық. Ел спортының дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға еңбегі мен табандылығы үшін алғыс білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, ал спортшыларымызға толағай жеңістер мен биік белестер тілейміз!

🇰🇿 Еліміздің көк туы әрдайым спорттық жеңістермен биікте желбірей берсін!

Спорт күні құтты болсын!

🏆 Спорт күні құтты болсын!Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спортсүйер қауым!Сіздерді күш пен...
16/08/2026

🏆 Спорт күні құтты болсын!

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спортсүйер қауым!

Сіздерді күш пен жігерді, денсаулық пен бірлікті дәріптейтін Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт – салауатты өмір салтының негізі, табандылық пен тәртіптің мектебі. Әрбір жеңіс – тынымсыз еңбектің, қажыр-қайраттың және биік мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі.

Баршаңызға зор денсаулық, мықты рух, толағай табыс, жарқын жеңістер және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз! 🏆

Спорт – денсаулық, жеңіс және бірлік!
Спорт күні құтты болсын! 🇰🇿

07/08/2026

🏆⚽ «Abay Cup – 2026» халықаралық балалар турнирінің салтанатты ашылуы өтті

Абай облысында жыл сайынғы «Abay Cup – 2026» халықаралық балалар футбол турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шарада Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысушыларды құттықтап, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ол мұндай халықаралық турнирлердің өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауда, балалар спортын дамытуда және елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

🌍 Биылғы турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай мемлекеттерінен келген жас футболшылар қатысуда. Турнир бірнеше күн бойы жалғасып, қатысушылар жеңіс үшін бақ сынайды.

«Abay Cup» – жас таланттардың тәжірибе алмасуына, шеберліктерін шыңдауына және халықаралық достық байланыстарын нығайтуына мүмкіндік беретін маңызды спорттық алаң.

ӘЛИНҰР ТӨЛЕУҒАЛИ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлинұр Төлеуғали әлем чемпи...
29/07/2026

ӘЛИНҰР ТӨЛЕУҒАЛИ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлинұр Төлеуғали әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін ирандық Эсмаил Захердустпен белдесті.

Тартысқа толы кездесуде қазақстандық балуан 11:3 есебімен жеңді.

Осылайша, Әлинұр Төлеуғали Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Құттықтаймыз!

Address

Қайым Мұхамеджанов к. , 8-үй
Semey

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category