16/06/2026
ҚОЛА МЕДАЛЬДІҢ ҚҰНЫ АЛТЫНМЕН ПАРА-ПАР❗️❗️❗️
🏓 🏆 VIII Халық ойындарында Батыс Қазақстан облысының үстел теннисі құрамасы қола жүлдеге ие болды.🥉 Еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар үш қаласынан жиналған 19 команданың арасынан суырылып шығып, үздік үштікке ену – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі.
Иә, жартылай финалда әлеуеті өте жоғары, тәжірибелі Шығыс Қазақстан облысының құрамасына жол бердік. Бірақ нағыз команданың мінезі қиын сәтте танылады. Өңір спортшылары дәл сондай сәтте жігер жинап, намысқа тырысып, жүлде жолындағы шешуші кездесуде өз мүмкіндігін толық пайдалана білді.
Бұл жетістік – әр ойыншының маңдай тері мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Команда құрамындағы әр спортшы өңір намысы үшін соңына дейін күресті. Сол үшін әрқайсысына шынайы алғыс айтуға болады.
Сонымен қатар , осы табыстың артында білікті бапкер Назарова Сарвар Ризоевнаның өлшеусіз еңбегі тұр. Жылдар бойы жүйелі жұмыс жүргізіп, спортшылардың шеберлігін шыңдап келе жатқан маманның еңбегі ел алдында мақтауға әбден лайық.
Құтты болсын❗️❗️❗️👏🥳