15/08/2026
Мәскеу қаласында 15–16 тамыз күндері әскери қызметшілер арасында самбодан алғашқы халықаралық CISM турнирінің белдесулері өтуде.
Аталған жарысқа 18 елдің өкілдері қатысуда. Қазақстанның ЦСКА құрамасы атынан 11 спортшы — 7 ер және 4 әйел спортшы ел намысын қорғауда.
Кеше турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында Қазақстан самбо федерациясының Президенті Руслан Фатихұлы Жақсылықов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік, табысты белдесулер және лайықты жеңістер тіледі.
**Ерлер құрамасы:**
Нариманов Жасұлан — 58 кг, самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан Кубогының қатысушысы;
Бейсенбаев Жандос — 64 кг, 2025 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері, 2026 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионы;
Қуатай Арнұр — 71 кг, 2025 және 2026 жылдардағы самбодан Әлем кубогының жеңімпазы;
Нұрсейт Санжар — 79 кг, 2024 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері;
Жұман Мұхамеджан — 88 кг, «Ұлттық күрес» чемпионатының қола жүлдегері;
Скадыл Магжан — 98 кг, жастар арасында самбодан әлем чемпионы;
Сапар Болат — +98 кг, жастар арасында Азия чемпионы, жағажай самбосынан әлем чемпионатының қатысушысы.
**Әйелдер құрамасы:**
Жылқыбаева Айжан — 50 кг, қазақ күресінен алтын медаль иегері;
Байгараева Сағат — 54 кг, 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері;
Нысантайқызы Роза — 72 кг, қазақ күресінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы;
Файзолланова Зәмзәғұл — 80 кг, дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері.
Қазақстандық спортшыларға сәттілік, мықты рух және жеңісті белдесулер тілейміз!