22/06/2026
🇰🇿🥈 Қазақстан Республикасының отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Нидерландыдағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
🇳🇱 19-21 маусым аралығында Ассен қаласында (Нидерланды) пара волейболдан Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Германия, Нидерланды, АҚШ, Украина, Канада, Польша, Эстония және Италия құрамалары қатысты
Топтық кезеңде қазақстандық команда Эстония, Польша, Канада және Нидерланды құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, барлық матчта жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды
Финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық пара волейболшылар Германия құрамасын 3:1 есебімен жеңді
Финалда Қазақстан құрамасы АҚШ командасына 1:3 есебімен жол беріп, Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирінің күміс медальдарын жеңіп алды