Kentaý Qalalyq Sport Bólіmі

Kentaý Qalalyq Sport Bólіmі Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Kentaý Qalalyq Sport Bólіmі, Sports, Kentau.

Алға, Қазақстан! Жеңіске бірге! 🇰🇿Кентау қаласының спортшылары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп ж...
10/02/2026

Алға, Қазақстан! Жеңіске бірге! 🇰🇿

Кентау қаласының спортшылары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында ел намысын қорғап жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларына сәттілік тілейді.
Жерлестерімізге жарқын жеңістер, жоғары нәтижелер және аман-есен елге оралуын тілейміз!
Туымыз биікте желбіресін! 🇰🇿

2026 жылдың 11–15 қаңтар күндері аралығында Түркістан қаласында еркін күрестен 2009–2010 және 2011–2012 жылы туған жасөс...
22/01/2026

2026 жылдың 11–15 қаңтар күндері аралығында Түркістан қаласында еркін күрестен 2009–2010 және 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Аталған жарыста Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Берікбай Ерасыл үздік өнер көрсетіп, І орын иеленіп, облыс чемпионы атанды.

Жеңімпаз спортшымыз алдағы уақытта Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
Жаттықтырушысы: Нурдаулет Жусупалиев.

22/01/2026
Бүгін жыл қорытындысы бойынша Кентау спорт клубының спортшысы Шохан Уалихан «Үздік спортшы» номинациясымен марапатталды....
31/12/2025

Бүгін жыл қорытындысы бойынша Кентау спорт клубының спортшысы Шохан Уалихан «Үздік спортшы» номинациясымен марапатталды.

Шохан Уалихан 2009 жылғы 1 шілдеде Кентау қаласында дүниеге келген. Ол 2019 жылдан бастап, 4-сынып оқушысы кезінен күрес спорт түрімен тұрақты түрде шұғылданып келеді. Қазіргі таңда Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы.

Спортшының жетістіктеріне үлес қосқан жаттықтырушылары: Б. Тасболат, С. Аргинбаев, Қ. Аргимбаев.

Жас спортшымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз! 🏆

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне және Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Біз экстремизмге қарсымыз! Те...
26/12/2025

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне және Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Біз экстремизмге қарсымыз! Терроризмге жол жоқ!» ұранымен жасөспірімдер арасында бокстан Кентау қаласының ашық біріншілігі жоғары деңгейде өтті.

🏟 Жарыс Кентау қалалық №3 БЖСМ спорт залында ұйымдастырылып,
📅 2025 жылғы 17–20 желтоқсан күндері өткізілді.

Сайысқа 2010–2011, 2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер және 2014–2015 жылдары туған кіші жасөспірімдер қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында бокс спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

🏅 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Халықаралық бокс турнирі: Батырбек Қанағат ІІ орын иелендіТемірлан ауылында өткен Оразбай Азат Дүйсенғалиұлының жүлдесін...
18/12/2025

Халықаралық бокс турнирі: Батырбек Қанағат ІІ орын иеленді

Темірлан ауылында өткен Оразбай Азат Дүйсенғалиұлының жүлдесіне арналған ІІІ Халықаралық турнирде Кентау қаласының № 3 БЖСМ- нің спортшысы Батырбек Қанағат жүлделі ІІ орынға ие болды.
• Салмағы: 49 кг
• Жетістігі: 🥈 күміс медаль Бапкері: А.Құрманбеков
Жас чемпионымызға алдағы уақытта тек сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 🇰🇿
#Бокс #Жеңіс #Ордабасы #спорт

08/12/2025

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ АДИ СЕРІКҰЛЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

🔹КЕНТАУЛЫҚ ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРІ АДИ СЕРІКҰЛЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ_________________________________________________Алматы қ...
08/12/2025

🔹КЕНТАУЛЫҚ ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРІ АДИ СЕРІКҰЛЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
_________________________________________________
Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.
Еліміздің 20 аймағынан жиналған үздік балуандар боз кілемде бақ сынасып, шын мықтылар анықталды.
Осы дүбірлі додада Түркістан облысының намысын абыроймен қорғаған Ади Серікұлы еркін күрестен 65 келі салмақта қарсыластарын бірінен соң бірін еңсеріп, Қазақстан чемпионы атанды. ⠀
Жетістікке жету жолында спортшыны жан-жақты дайындап, тактикалық және техникалық тұрғыдан шыңдаған бапкерлері — Нұрдәулет Жусипалиев пен Қанат Тұрғараевтың еңбегі зор.
Чемпион атанған Ади Серікұлы Кентау қаласындағы №1 Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен шыңдалып, үлкен жарыстарға қадам басуда.

Қаламыздың спортшысы ел біріншілігінде жүлдегер атанды1–3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында ересектер арасындағы гре...
04/12/2025

Қаламыздың спортшысы ел біріншілігінде жүлдегер атанды

1–3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында ересектер арасындағы грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты балуандар бақ сынап, тартысты белдесулер көрсетті. Чемпионатта қаламыздың намысын қорғаған спортшы да жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль еншіледі.

Мусан Ерасыл – Кентау қаласындағы Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда ол Шымкент қаласындағы №10 күрес түрлерінен ОРМБЖСМ-нің спортшысы. Жеке бапкерлері: Жасұлан Аймурзаев, Ғабит Нұрмаханов, Нұрлан Сыздықов, Камал Нәжімов және Мейірбек Үмбеталиев.

Спортшымызды және жаттықтырушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Кентау спортының жаңа жетістігі: Ерасыл — ұлттық құрама сапында2025 жылғы 23–27 қараша аралығында Шымкент қаласында ерес...
02/12/2025

Кентау спортының жаңа жетістігі: Ерасыл — ұлттық құрама сапында

2025 жылғы 23–27 қараша аралығында Шымкент қаласында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Елдің ең таңдаулы балуандары бір аренаға жиналып, 16 салмақ дәрежесінде белдесіп, 68 медаль мен чемпиондық кубок үшін жоғары деңгейдегі тартыс көрсетті.
Бұл чемпионат — намыс пен шеберліктің, күш пен рухтың шынайы сыналатын алаңы болды. Әр белдесу өз тарихын жазғандай, ерекше қарқын мен қайсарлыққа толы өтті.
Осы дүбірлі додада алғаш рет кентаулық балуан, 66 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен
Ахметбеков Ерасыл нағыз тартысты айқас танытып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.
Кентаулық спортшы еліміздің құрама командасына ресми түрде енді.
Жаттықтырушысы: С. Арғымбаев

Жерлес спортшымызды жарқын жетістігімен құттықтап, алдағы халықаралық додаларда биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз! 🇰🇿🤼‍♂️

Кентау спортшылары – Арыс қаласындағы Республикалық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері2025 жылғы 28 қараша – 1 желто...
02/12/2025

Кентау спортшылары – Арыс қаласындағы Республикалық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
2025 жылғы 28 қараша – 1 желтоқсан аралығында өткен, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне және Арыс қаласының 69 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы бокстан Республикалық турнирде Кентау қалалық №3 БЖСМ спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Турнир қорытындысы бойынша:
🥇 І орын иегерлері:
61 кг салмақ дәрежесінде — Бекайдар Нұрқанат
64 кг салмақ дәрежесінде — Орынбасаров Мирас
🥈 ІІ орын иегерлері:
38 кг салмақ дәрежесінде — Мамырбаев Дінмұхаммед
42 кг салмақ дәрежесінде — Сұлтанбек Рамазан
Кіші жасөспірімдер арасында 34 кг салмақ дәрежесінде — Абдирахман Рамазан
🥉 ІІІ орын иегері:
34 кг салмақ дәрежесінде — Абдікәрім Раян
Жүлдегер болған барлық спортшыларымызды және оларды дайындаған бапкерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Address

Kentau

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Kentaý Qalalyq Sport Bólіmі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category