24/07/2026
🤝🇰🇿🇦🇪 Джиу-джитсуды дамыту жолындағы халықаралық ынтымақтастық!
Құрметті достар!
2026 жылғы 19–24 шілде аралығында Қарағанды қаласындағы OA JJ академиясында Біріккен Араб Әмірліктерінің 🇦🇪 Әбу-Даби қаласындағы Hamdan Bin Zayed School орта мектебінің спортшыларының қатысуымен джиу-джитсудан бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтті. 🥋
Делегация құрамында мектеп басшылығы мен білікті жаттықтырушылар құрамы да болды. Бұл кездесудің басты мақсаты – екі елдің спортшылары мен мамандары арасында тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынасты нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 🌍🤝
Кездесу қорытындысы бойынша OA JJ академиясы мен Hamdan Bin Zayed School арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде келісімге қол жеткізілді. 📄✍️
Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясы атынан осы ауқымды халықаралық жобаны жоғары деңгейде ұйымдастырған OA JJ академиясының жетекшісі Оразалы Айбар Ғалымжанұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. 👏
Сондай-ақ, аталған іс-шараны қолдап, оның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымызды білдіреміз. 🙏
Біз бірге джиу-джитсуды дамытып, халықаралық байланысты нығайтып, спортшыларымыз