05/11/2021
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!
3-10 қараша күндері аралығында, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында, Ұлттық спорт түрлері «Көкпардан» және «Аударыспақтан», 2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасында, Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Мандаттық комиссия отырысының нәтижесі бойынша, аталған жарыста еліміздің 8 құрамасы бақ сынасатын болады. Құрамалар екі, «А» және «Б», тобына 4 құрамадан бөлінген болатын. Жарыс ережесі бойынша, топтық кезеңнің нәтижесінде, әр топтың бірінші орынға ие болған құрамалары 1-2 орынға, екінші орын иеленген құрамалар 3-4 орынға, үшін орынды иеленген құрамалар 5-6 орынға және төртінші орынға ие болған құрамалар 7-8 орынға ойындар өткізетін болады.
Мандаттық комиссия отырысы нәтижесі бойынша, «А» тобында:
1) Қарағанды облысы
2) Алматы қаласы
3) Түркістан облысы
4) Қызылорда облысы
Және, «Б» тобында:
1) Шығыс Қазақстан облысы
2) Алматы облысы
3) Нарын Ж-17 (Атырау облысы)
4) Шымкент қаласы
Атырау облысының «Нарын Ж-17» құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынын, 4 қараша күні сағ. 13:00-де, Райымбек ауылындағы «Азем» ипподромында, Шымкент қаласының құрамасымен өткізетін болады.
kz