16/07/2023
БІЗ ЖЕҢДІК!
Осымен бұл да бір біткен шаруа болды. Қанша жылдар бойы жасалған еңбек, ұйқысыз түндер, төгілген қан мен тердің өтеуі ақталды. Бастысы - жеңіске жеттік. Қалай жеңіске жеткеніміз маңызды емес. Маңыздысы - үлкен сабақ, тәжірибе алғанымыз, ненің не екенін түсінгеніміз. Маңыздысы - 18 млн халқы бар “үшінші әлем” елінің промоушенінен шыққан өнімнің әлемдік аренаға шығып, мықтылармен терезесі тең өнер көрсете алып, тарих жасалғаны. Тағы бір маңыздысы - біз .maksum сияқты бізге сеніп, бір командада келе жатқан жігіттерге үміт сыйлай алғанымыз. 5-6 жыл бұрын армандауға да ұялатын армандарымыздың ішінде жүруіміз. Енді бір маңыздысы - қазір біз Қазақ аралас жекпе-жегінің, Түркі әлемінің ренессанс дәуірін бастан кешіріп жатқанымыз. Біз енді бастадық, бұдан әрі көбейе де береміз! Сондықтан, қуан қазақ!
P.S. Осы күнге жеткенімізге әуелі Аллаға шүкір. Екіншіден, біздің , , .management командасына, .team ағамыз бастаған залына, дәл осы жекпе-жекке дайындықтың басы-қасында жүріп, отына күйіп, суына түскен, Азаттың бүкіл “еркелігін” көтерген бауырыма, бауырымның компаниясына, басынан бастап жанымызда жүрген бауырыма және .soyrkas досыма рахмет!
P.S.S. Келесі эстафетаны 5-тамызда осы ұйымда өнер көрсететін бауырымызға жолдаймыз! Асу - Осборнды осқыртып сабайтынына сенеміз! Сәттілік, бауырым!