09/10/2026
⛳ MATCH PLAY: соңғы соққыға дейінгі тартыс!
Қыркүйек айының басында Zhailjau Golf Academy-де 32 қатысушыға арналған Match Play турнирі басталды. Финалға жету үшін жас гольфшілер плей-офф жүйесі бойынша үш кезеңнен өтіп, әр матчта жеңіске жету үшін бар күшін салды.
Финалдық кездесулердің де сәті келді! Шиеленісті бәсеке, әр соққының жауапкершілігі мен жеңіске деген ұмтылыс — қатысушылар өз шеберліктері мен нағыз спорттық мінездерін көрсетті.
🏆 Финалдық матчтардың нәтижелері
11-12 жас санаты
🥇 Адриана Смагулова
🥈 Мия Жалмухамедова
13–14 жас санаты
🥇 Арслан Батырханов
🥈 Алдияр Қуандыков
15–16 жас санаты
🥇 Дениза Сулейменова
🥈 Ибрагим Оразбай
Жас гольфшілерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Әр матч — жаңа тәжірибе, мінезді шыңдау және шеберлікті арттыру мүмкіндігі.
Жас спортшыларымызға алдағы уақытта толағай табыс, сенімді ойын және гольф алаңдарында жаңа жеңістер тілейміз! 🏌️♀️🏌️♂️