24/09/2024
Kz⬆️ Ru⬇️ перевод в комментариях
Өткен демалыс күндері Бішкекте кендодан «Мanas Cup» атты халықаралық турнир өтті.
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қытайдан келген өкілдері қатысты.
Төрешілер алқасы ретінде Жапониядан келген 7-дан Киоши Сенсейлері болды.
Турнир Kyu Cup, Dan Cup және Team Cup санаттары бойынша өтті:
«Dan Cup» турнирінде Баймағамбетов Әліби (Қазақстан) бірінші орын, Закиралы Абдыгулов (Қырғызстан) екінші орын, Роберт Кыдралиев (Қырғызстан) және Руслан Исмов (Қазақстан) үшінші орынды иеленді.
Kyu Cup 18+ жеңімпазы Муродов Ахад (Өзбекстан), екінші орынды Бельмескин Данил (Қырғызстан), үшінші орынды Базаргелди Ануар (Қазақстан) және Чиныбекков Ержан (Қазақстан) иеленді.
Kyu Cup бойынша бірінші орынды Артём Сафронов (Қырғызстан), екінші орынды Айдар Асымбеков (Қырғызстан), үшінші орынды Акказиев Актан (Қырғызстан), төртінші орынды Эдвард Ли (Қазақстан) иеленді.
Әйелдер арасындағы жекелей турнирде Олеся Мыльникова (Қазақстан) жеңімпаз атанса, Мусина Әйгерім (Қазақстан) екінші орынды, София Степанова (Қазақстан) мен Ирина Дүйсенбиева (Қазақстан) үшінші орынды иеленді.
Manas Cup командалық жарысының қорытындысы бойынша Қырғызстан құрама командасы бірінші, Қазақстан 2 құрама командасы екінші, Central Asian Mix Team мен Қазақстан 1 құрама командасы үшінші орынды өзара бөлісті.
Қазақстан Республикасының Кендо және Иайдо Федерациясы Қырғызстанның Кендо федерациясына спорттық шараны өткізгені үшін үлкен алғысын білдіреді және алдағы уақытта табыс тілейді🙏
Қазақстан Кендо және Иайдо федерациясының ресми парақшасына жазылыңыз. Жаңалықтардан хабардар болыңыз!