23/08/2026
Балаңыз 4-7 жаста ма? Оның өзіне сенімді, дербес, жаңа нәрсені тез үйренетін және байқап көруден қорықпайтын болып өскенін қалайсыз ба?
Ол үшін балаға осы қасиеттерді іс жүзінде дамыта алатын орта қажет.
Ал үстел теннисі оның спортпен алғашқы танысуы үшін тамаша бастама болуы мүмкін.
Жаттығу кезінде бала зейінін шоғырландыруды, тез әрекет етуді, қимылдарын үйлестіруді, басқа балалармен араласуды және қарым-қатынас жасауды үйренеді.
Сонымен қатар, үстел теннисі - Олимпиадалық спорт түрі және жарақат алу қаупі төмен спорт түрлерінің бірі.
Егер бір нәрсе бірден шықпаса, бала қайтадан жасап көруді үйренеді.
Ең маңыздысы бала өзінің алғашқы кішкентай жеңістерін көре бастайды.
Допты қағып алды.
Жаңа жаттығуды орындады .
Осындай кішкентай қадамдардың арқасында баланың өзіне деген сенімі, тәртібі және спортқа деген сүйіспеншілігі біртіндеп қалыптасады.
Біз - Ақтау қаласындағы MUSTAFA-RIM үстел теннисі мектебіміз.
Осы уақыт ішінде мектебімізде 1000-нан астам бала жаттығып шықты. Біздің тәрбиеленушілеріміздің арасында спортта жоғары нәтижелерге жеткендері бар.
Бірақ біз үшін ең маңыздысы - тек болашақ чемпиондарды тәрбиелеу емес. Біз әр баланың спортты жақсы көріп, өзіне сеніп, жайлы ортада