31/12/2025
Бибісара Асаубаева үш дүркін әлем чемпионы
Бибісара Асаубаева Дохада өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында үздік атанды.
Отандасымыз 15 раундта 11 ұпай жинап, блиц шахматтан әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Екінші орынды Анна Музычук (Украина) иеленсе, үздік үштікті Элайн Роберс (Нидерланд Корольдігі) түйіндеді.
Сондай-ақ, Бибісара Асаубаева осы нәтижесінің арқасында 2026 жылғы әлем чемпионатына үміткерлер турниріне жолдама алды.
Айта кетейік, аталмыш жарыста әйелдер арасында 42 мемлекеттен 140 қатысушы бақ сынады. Чемпионат басында өткен рапид турнирінде Асаубаева ТОП-20 ойыншы қатарына кірген болатын.