Kazakhstan Karate Family

Kazakhstan Karate Family 🇰🇿 Қазақстан каратэ федерациясының ресми парақшасы
🥋Official account of Kazakhstan Karate Federation

OLYMPIC'2020 🥉🥉

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 ...
27/08/2026

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманың дайындығына арналған жиын өтті.

Жиынға жазғы спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерацияларының басшылары қатысты. Кездесуде ұлттық құрамалардың қазіргі дайындық деңгейі, спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері, бекітілген жоспарлардың орындалуы, сондай-ақ медициналық, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

XX жазғы Азия ойындарына 45 елден 15 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарыс барысында 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсуді жоспарлап отыр.

Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар спорттың 68 түрінен 282 халықаралық жарысқа қатысты. Оның ішінде 26 әлем чемпионаты, 71 Әлем кубогінің кезеңі, 37 Азия чемпионаты және 148 халықаралық турнир бар. Сонымен қатар Спортты дамыту дирекциясы 226 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Жаттықтырушылар құрамын күшейту мақсатында спорттың 13 түрі бойынша 11 елден 24 шетелдік маман тартылды.

Жиын қорытындысында қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, ұлттық құрамалардың дайындығын бақылауды күшейту және туындаған мәселелерді жедел шешу қажеті атап өтілді. Министрлік Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерацияларымен бірлесіп, Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсетуіне қажетті барлық жағдайды жасау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Кездесу аясында федерация басшылары Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің инфрақұрылымымен де танысты. Жаңа университет Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен мамандар даярлау саласындағы ең ірі білім беру жобаларының біріне айналды. Мұнда жаттықтырушылық қызмет, спорт ғылымы, спорттық медицина және оңалту, менеджмент, спорт журналистикасы, аналитика және басқа да бағыттар бойынша мамандар даярлауға заманауи жағдай жасалған.
_____

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ОБСУДИЛ С РУКОВОДИТЕЛЯМИ СПОРТИВНЫХ ФЕДЕРАЦИЙ ПОДГОТОВКУ К АЗИАТСКИМ ИГРАМ

Cостоялось совещание по вопросам подготовки национальной сборной к XX летним Азиатским играм, которые пройдут с 19 сентября по 4 октября 2026 года в японской префектуре Айти и городе Нагоя.

В совещании приняли участие руководители национальных спортивных федераций по летним видам спорта.
Участники рассмотрели текущий уровень готовности национальных команд, результаты спортсменов на международных соревнованиях, выполнение утверждённых планов, а также вопросы медицинского, материально-технического и организационного обеспечения.
В XX летних Азиатских играх ожидается участие около 15 тысяч спортсменов из 45 стран. В рамках соревнований будет разыграно 469 комплектов медалей. Казахстан планирует выступить в 35 видах спорта.

С начала года казахстанские спортсмены приняли участие в 282 международных соревнованиях, включая 26 чемпионатов мира, 71 этап Кубка мира, 37 чемпионатов Азии и 148 международных турниров по 68 видам спорта. Кроме того, Дирекцией развития спорта организовано 226 учебно-тренировочных сборов. Для усиления тренерских штабов по 13 видам спорта привлечены 24 иностранных специалиста из 11 стран.

По итогам совещания отмечена необходимость обеспечить выполнение принятых обязательств, усилить контроль за подготовкой национальных сборных и оперативно решать возникающие проблемные вопросы. Министерство совместно с Национальным олимпийским комитетом и спортивными федерациями продолжит работу по созданию всех необходимых условий для успешного выступления сборной Казахстана на XX летних Азиатских играх.

В рамках встречи руководители федераций также ознакомились с инфраструктурой Казахского национального университета спорта в Астане. Новый университет стал одним из крупнейших образовательных проектов в сфере спортивной науки и подготовки кадров в Центральной Азии. Здесь созданы современные условия для подготовки специалистов в области тренерской деятельности, спортивной науки, спортивной медицины и реабилитации, менеджмента, спортивной журналистики, аналитики и других направлений.

🥳👏Бүгін - Дархан Асаділовтің туған күні!Қазақстан каратэ федерациясының атынан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, жазғ...
27/08/2026

🥳👏Бүгін - Дархан Асаділовтің туған күні!

Қазақстан каратэ федерациясының атынан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Дархан Асаділовті туған күнімен құттықтаймыз!

Ол - ұзақ жылдар бойы әлемдік деңгейде үздіктер қатарында жүрген, жарқын жеңістерімен қазақ каратэ мектебінің атын паш етуге зор үлес қосқан атлет, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Оның татамидегі шеберлігі жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасын алды.

Оның спортшы ретіндегі жемісті қызметі елімізде көптеген жасөспірімнің каратэмен шұғылдануына ықпал етіп жатыр.

Осынау ерекше сәтті пайдалана отырып, Дархан Асаділовке мықты денсаулық, қажымас қайрат, барлық бастамасына толағай табыс тілейміз!

👏🥳Қазақстан каратэ федерациясының атынан Гузалия Гафурованы туған күнімен құттықтаймыз!Гузалия Гафурова - ұзақ жылдар бо...
26/08/2026

👏🥳Қазақстан каратэ федерациясының атынан Гузалия Гафурованы туған күнімен құттықтаймыз!

Гузалия Гафурова - ұзақ жылдар бойы халықаралық аренада еліміздің атын абыроймен қорғап, танытуға үлес қосқан Қазақстандағы ең табысты каратэ шеберлерінің бірі. Ол халықаралық жарыстарда, жазғы Азия ойындарында 2 рет қатарынан топ жарып, әнұранымызды шырқатты. Бүгінде жаттықтырушы ретінде туған өңірінде жас каратэшілер шоғырын даярлау жолында жұмыс істеп келеді.

Алдағы уақытта шәкірттерімен бірге биік белестерді бағындырып, жемісті қызмет ете беруіне тілектеспіз.

Осынау ерекше сәтті пайдалана отырып, Гузалия Мәлікқызына мықты денсаулық, бапкерлік жолда толағай табыс, отбасына амандық тілейміз!

📚 Каратэ WKF-тан жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы📍 Өтетін мерзімі: 24-31 тамыз📍 Астана қала...
14/08/2026

📚 Каратэ WKF-тан жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы

📍 Өтетін мерзімі: 24-31 тамыз
📍 Астана қаласы
📍 Курс оффлайн форматында өтеді

📲 Курстарға қатысты сұрақтар бойынша:
Біліктілікті арттыруды ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері:
🔹 Сансызбай Сиғабатұлы: 8-702-537-19-02
🔹 Нұрлыбек Сатыбалдыұлы: 8-702-108-82-22

📚 Курсы повышения квалификации для тренеров-преподавателей по Каратэ WKF

📍 Сроки проведения: 24-31 августа
📍 г. Астана
📍 Курс пройдет в оффлайн формате

📲 По всем вопросам:
🔹 Сансызбай Сигабатович: 8-702-537-19-02
🔹 Нурлыбек Сатыбалдыұлы: 8-702-108-82-22

Национальный олимпийский комитет Республики Казахстан принял решение о признании Союза Казахстанской федерации каратэ в ...
09/08/2026

Национальный олимпийский комитет Республики Казахстан принял решение о признании Союза Казахстанской федерации каратэ в качестве национальной спортивной федерации по неолимпийскому виду спорта - каратэ WKF.
​В головном офисе НОК генеральный секретарь Алимжан Акаев вручил специальный сертификат вице-президенту Казахстанской федерации каратэ Болату Хавлахату и пожелал успехов в предстоящих важных соревнованиях.

​Стоит отметить, какие возможности открывает данный сертификат для нашей федерации. Получение сертификата о признании от НОК РК - это не просто статусный документ, а важный шаг, дающий серьезные перспективы:

​1️⃣ Официальный статус и эксклюзивность: Сертификат подтверждает, что в структуре НОК РК по направлению «Каратэ (WKF)» признана только наша федерация, закрепляя за нами статус единственного официального представителя.

2️⃣ Участие в Азиатских играх: Подавать заявки на участие спортсменов и тренеров в предстоящих Азиатских играх «Аичи-Нагоя 2026» возможно исключительно через НОК.

3️⃣ Признание на национальном и международном уровнях: Статус федерации подтвержден с двух сторон: на международном арене - членством в WKF, на национальном уровне - сертификатом НОК РК.

4️⃣ Содействие в государственной аккредитации: Сертификат служит одним из ключевых документов, подтверждающих соответствие требованиям Закона РК «О физической культуре и спорте».

5️⃣ Авторитет перед партнерами и спонсорами: Наличие сертификата подчеркивает надежность организации и существенно облегчает взаимодействие со спонсорами и госорганами.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстан каратэ федерациясының одағына каратэ WKF олимпиадалық емес сп...
09/08/2026

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстан каратэ федерациясының одағына каратэ WKF олимпиадалық емес спорт түрі бойынша ұлттық спорт федерациясы ретінде тану туралы шешім қабылдады.

ҰОК-тің бас кеңсесінде Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахатқа ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев арнайы сертификат табыстап, алдағы маңызды жарыстарға сәттілік тіледі.
Осы орайда тану туралы сертификат біздің федерацияға не беретінін атап өтейік. Федерацияның ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен тану туралы сертификат алуы - бұл жай ғана мәртебелік құжат емес, үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам.

​1️⃣ Ресми мәртебе мен эксклюзивтілік: Бұл сертификат ҚР ҰОК аясында «Каратэ (WKF)» бойынша тек біздің федерацияның танылғанын бекітеді. Басқа ұйымдармен салыстырғанда ресми өкіл екенімізді дәлелдейді.

2️⃣ Азия ойындарына қатысу мүмкіндігі: Жақында өтетін «Аичи-Нагоя 2026» Азия ойындарына спортшылар мен жаттықтырушылардың өтінімін тек ҰОК арқылы бере аламыз.

3️⃣ Халықаралық және ұлттық деңгейде танылу: Федерация мәртебесі қос тараптан расталады: халықаралық деңгейде - WKF мүшелігімен, ал Ұлттық деңгейде - ҚР ҰОК сертификатымен.

4️⃣ Мемлекеттік аккредиттеуге септігі: Сертификат «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң талаптарына сәйкестікті растайтын маңызды құжаттардың бірі.

5️⃣ Серіктестер мен демеушілер алдындағы бедел: Сертификат ұйымның сенімділігін білдіреді, демеушілермен және мемлекеттік органдармен жұмысты жеңілдетеді.

🤩👏Нұрасыл Нұрсейіт Хорватияда каратэден жастар лигасы жарысында маусымдағы 3-жүлдесіне қол жеткіздіБүгін Хорватияның Пор...
04/07/2026

🤩👏Нұрасыл Нұрсейіт Хорватияда каратэден жастар лигасы жарысында маусымдағы 3-жүлдесіне қол жеткізді

Бүгін Хорватияның Пореч қаласында өтіп жатқан жастар лигасы турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті.

Кумите бағдарламасында кадеттер арасында 52 кг дейінгі салмақта отандасымыз Нұрасыл Нұрсейіт күміс медаль иеленді.
Біздің спортшы жарысты 2-айналымнан бастап, Косова өкілі Ануар Красничиді айқын басымдықпен ұтты (10-0). Осыдан кейін Кирилл Дидюк (Украина, 1-0) пен Мигель Марко Мартиді (Испания, 9-1) жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал жартылай финалда түрік қарсыласы Кутай Коскуннен айласын асырды (2-0).

Кешкі сессияда Нұрасыл ақтық сында грек спортшысы Мораитис Йоаннис Адамантиосқа соңғы секундтарда есе жіберді. Есеп: 1-4.

Еске сала кетейік, Нұрасыл биыл мамырда Филиппин астанасы Манилада өткен жастар лигасы турнирінде қола жүлдегер, ақпан айында Фуджайрадағы лига кезеңінде чемпион атанған.

Айта кетейік, бұл - жастар лигасы сериясы санатындағы жылдың 4-турнирі. Осыған дейінгі кезеңді Фуджайра (БАӘ), Хараре (Зимбабве) мен Манила (Филиппин) қабылдаған.

Пореч қаласына Қазақстан командасы сапында 5 спортшы барды. Жалпы қатысушы саны 69 мемлекеттен 2700-ден спортшыдан асады. Жарыс барысында 12-17 жас санаты аралығында 34 бағдарламада жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Берік Қасенов - WKF каратэден Ұлттық команданың бас бапкеріҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру іс...
26/06/2026

Берік Қасенов - WKF каратэден Ұлттық команданың бас бапкері

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығымен Берік Қасенов каратэден Қазақстан командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Осыған дейін бұл қызметті Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Дархан Асаділов атқарды. Даңқты спортшымыз өз еркімен қызметінен кетті. Еске сала кетейік, Дархан Асаділовтің жетекшілігімен Қазақстан былтыр Азия чемпионында 4 алтын алып, тарихи нәтиже көрсетті. Сонымен қатар Ар-Рияд қаласында Ислам Ынтымақтастығы ойындарында 1 алтын, 2 қолаға қол жеткізді.

Берік Қасенов - каратэден (WKF) ҚР спорт шебері, Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері.

Ол спорт саласындағы еңбек жолын 2012 жылы каратэден (WKF) Алматы қаласының «Шаңырақ» ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бастаған. Ал 2023 жылдан бүгінге дейін Қазақстан командасының және Алматы қаласының аға жаттықтырушы болды. Берік - елімізде кейінгі толқын арасында тәжірибесі мол жаттықтырушының бірі. Оның даярлаған спортшылары түрлі жас санатындағы әлем, Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Әлихан Қадырғали, Азия чемпионы Дайяна Даренская, Азия чемпионатының қола жүлдегері Диас Ұлбек, Нұрия Тізімбай, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Лаура Әліқұл, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Бэлла Самашева бар.

23/06/2026

Жоламан Биғабыл Индонезияның Бали аралдарында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды! 👏🥇

Жоламан финалда Сауд Арабиясының өкілін айқын басымдықпен ұтты.

Отандасымыз кумите бағдарламасында -55 кг салмақта екінші жыл қатарынан топ жарды.

|

Қазақстан Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады Бүгін Балиде ересектер арасындағы XXII Азия чемпионаты мәресіне жетті. ...
21/06/2026

Қазақстан Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады

Бүгін Балиде ересектер арасындағы XXII Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Қазақстан командасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Біздің жүлдегерлер:
🥇Жоламан Биғабыл (-55 кг)
🥇Олжас Алтынбек (-67 кг)

🥈Әсел Қанай (-61 кг)
🥈Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

🥉Бэлла Самашева (-55 кг)
🥉Дайяна Даренская (-68 кг)
🥉Никита Тарнакин (-84 кг)

Жалпыкомандалық есеп:
1. Жапония (5 алтын, 3 күміс, 5 қола)
2. Иран (3 алтын, 1 күміс, 5 қола)
3. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола)
4. Иордания (2 алтын, 2 күміс)
5. Сауд Арабиясы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола)

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 32 мемлекет қатысты. Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың негізгі кезеңі саналады.

|

Address

Tselinograd
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Kazakhstan Karate Family posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category