1bol.kz - Бірінші бол

1bol.kz - Бірінші бол 1bol.kz - оқырманға ел спорты, әлемдік турнирлер жайында қызықты материалдар ұсынатын портал

Алматылық «Қайрат» испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. Тараптар 2027 жыл...
12/06/2026

Алматылық «Қайрат» испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. Тараптар 2027 жылдың соңына дейін келісімге келді.

29 жастағы футболшы 2022/23 маусымында Польша чемпионатының үздік бомбардирі атанып, Экстракласаның ең үздік шабуылшысы деп танылған. Кейін Варшаваның «Легиясы» сапында Польша Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Соңғы маусымдардың бірінде Гуаль барлық турнирде 19 гол соғып, командасының ең нәтижелі ойыншысы болды. Оның соңғы клубы Португалияның «Риу Аве» командасы еді.

Андрей Аршавин 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты болжамын жасап, Криштиану Роналдуды турнирдің басты көңіл қалдыруы м...
12/06/2026

Андрей Аршавин 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты болжамын жасап, Криштиану Роналдуды турнирдің басты көңіл қалдыруы мүмкін футболшысы ретінде атады.

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысының пікірінше, португалиялық шабуылшысының ойынына әрдайым сеніммен қарайды. Алайда бұл жолы Роналду сол сенімді толық ақтай алмауы ықтимал.

Сонымен қатар Аршавин Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппеге қатысты оң пікір білдірді. Ол шабуылшының қазіргі формасы жақсы екенін атап өтіп, Ла Лиганың үздік сұрмергені атанған футболшыдан жоғары нәтиже күтетінін жеткізді.

Айта кетейік, Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында Колумбия, Конго Демократиялық Республикасы және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.

Иран құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына ерекше белгі тағылған киіммен келді.Футболшылардың пиджактарына тағылған « #1...
12/06/2026

Иран құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына ерекше белгі тағылған киіммен келді.

Футболшылардың пиджактарына тағылған « #168» белгісі Минәб қаласындағы мектепке жасалған соққы салдарынан қаза тапқан 168 адамның құрметіне арналған. Мәліметтерге сәйкес, құрбандардың басым бөлігі балалар болған.

Бұл Иран құрамасының мұндай сипаттағы алғашқы акциясы емес. Бұған дейін ұлттық құрама ойыншылары қаза тапқан балаларды еске алу мақсатында мемлекеттік әнұран орындау рәсіміне мектеп сөмкелерімен шыққан болатын.

Айта кетейік, FIFA ережесіне сәйкес стадион аумағында саяси, діни немесе жеке сипаттағы ұрандар мен бейнелерді көрсетуге тыйым салынған. Алайда команданың бұл әрекеті әлем чемпионаты басталғанға дейін жасалды.

1bol.kz

Лондондық «Челсидің» жанкүйерлер қауымдастығы саналатын «Chelsea Loan Army» Дастан Сәтпаевтың Қазақстан ұлттық құрамасы ...
12/06/2026

Лондондық «Челсидің» жанкүйерлер қауымдастығы саналатын «Chelsea Loan Army» Дастан Сәтпаевтың Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы соңғы ойындарына талдау жасады.

17 жастағы шабуылшы Армения және Венгрияға қарсы жолдастық кездесулерде 4-3-3 жүйесінде жалғыз орталық форвард ретінде алаңға шыққан. Пікір авторлары оның бұл рөлде қарсылас қорғаушылардың физикалық қысымына төтеп беруде қиындықтарға тап болғанын атап өтті.

Сараптамада Сәтпаевтың қазіргі сатыда орталық шабуыл шебінде толық ашылмағаны айтылып, оны болашақта қанат шабуылшысы немесе екінші форвард позициясында пайдалану тиімдірек болуы мүмкін деген болжам жасалған.

Айта кетейік, жас футболшының «Челси» клубына ресми ауысуы 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.Әлемдік рейти...
12/06/2026

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші 1/8 финалда турнирдің қазіргі чемпионы, германиялық Татьяна Марияны 6:7, 7:5, 6:0 есебімен жеңді.

Жартылай финал жолдамасы үшін Рыбакина Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездеседі. Әлемдік рейтингтің 73-сатысындағы теннисші екінші айналымда румыниялық Жаклин Кристианды екі сетте ұтқан болатын.

Айта кетейік, Лондондағы турнирдің жүлде қоры 1,9 миллион долларды құрайды.

1bol.kz

«Астана» футбол клубы бас директоры Қайсар Бекеновтің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады. Клуб мәліметінше, ол от...
12/06/2026

«Астана» футбол клубы бас директоры Қайсар Бекеновтің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады. Клуб мәліметінше, ол отбасы жағдайына байланысты өз лауазымын босату туралы шешім қабылдаған.

Қайсар Рауфұлы «Астана» клубында 2013-2019 жылдары басшылық қызметтерді атқарып, елордалық команданың ең табысты кезеңдерінің біріне куә болды. Кейін 2024 жылы клубқа қайта оралып, 2025 жылы бас директор қызметіне тағайындалған еді.

Клубтың хабарлауынша, Қайсар Бекеновтің басшылығы кезінде «Астана» Қазақстан футболындағы көшбасшы позициясын сақтап қана қоймай, халықаралық аренада да жоғары нәтижелер көрсету жолында маңызды қадамдар жасады. Оның клубтың дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Address

Nur-Sultan
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when 1bol.kz - Бірінші бол posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category