23/12/2025
Алматы қаласында, Қазақтың спорт және туризм академиясында “ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2025” жыл үздіктерін қорытындылау аясындағы салтанатты іс-шарада «Жақсы» спорт кешені «Жылдың үздік спорт кешені» атағына ие болды.
Бұл — біз үшін зор мақтаныш пен үлкен жетістік!
Спорт кешеніміздің негізін қалаушы -Нұржан Закарияұлын айтулы жетістігімен құттықтаймыз!
Кішкентай ғана Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында орналасқан спорт кешеніміздің 6 жыл ішінде осындай биік белеске жетуі – тынымсыз еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесі. Осы уақыт аралығында біздің спортшылар:
— каратэден Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары,
— Қазақстан Республикасының чемпиондары,
— бокс пен гимнастикадан ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері,
— сондай-ақ футбол, еркін күрес, дзюдо спорт түрлері бойынша Халықаралық және Республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Қысқа мерзімде үлкен нәтижеге қол жеткізіп, республикалық деңгейде осындай жоғары марапатқа ие болу — бүкіл ұжымымыздың, жаттықтырушыларымыздың, спортшыларымыздың және ата-аналардың ортақ еңбегінің жемісі.
Бұл жеңіс бізді жаңа биіктерге жетелеп, алға қойған мақсаттарымызды одан әрі нықтай түседі. Алда әлі талай жеңіс пен толағай табыстар күтіп тұр! 💪🏆
Аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған барша ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып, ұлттық спортты насихаттауда аянбай еңбек етіп жүрген «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, елге сыйлы спорт жанашыры Жандос Аянбек ағамызға ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыңыз бен еңбектеріңіз – спортшыларға шабыт, ал салаға үлкен серпін. Рахмет!
@