SAYAT

Website Contact the business

SAYAT SAYAT
saiat-Көшпенділер рухы! sayat-The spirit of nomads!

саят-Дух качевников

МҰЗБАЛАҚ                 М МАҚАТАЕВ...Шар тастар, шалғынды сай Қарағайлы,Шулы өзен шомылдырғам шағала Айды.Жөтеліп бұлтт...
14/04/2026

МҰЗБАЛАҚ
М МАҚАТАЕВ...Шар тастар, шалғынды сай Қарағайлы,
Шулы өзен шомылдырғам шағала Айды.
Жөтеліп бұлттар көшіп өтетұғын,
Жетектеп жетегінде қара қайғы.
Жел тынған, жапырақ та сілкінбеген,
Тауға кеп түн ұшатын кілкілдеген.
Әр жүректі сол бір ән мазалайтын,
Әр көмейде сол бір ән бүлкілдеген.......

«САЯТШЫ ҚАЗАҚ»
Бұл мүсін Француз Ривьерасындағы Ментон қаласының ботаникалық бағында орнатылған. Император Александр III Францияға сыйға тартқан орыс шебері Евгений Александрович Лансерайдың (1848-1886) туындысы.

SAYAT» — саятшылардың жыл сайынғы халықаралық реалити-шоуы“SAYAT” – The Annual International Falconry Reality Show«SAYAT...
16/10/2025

SAYAT» — саятшылардың жыл сайынғы халықаралық реалити-шоуы
“SAYAT” – The Annual International Falconry Reality Show

«SAYAT» — өзіндік ерекшелігі бар бірегей халықаралық жоба. Бұл жобаның басты мақсаты — бүркітші саятшылардың өмірін дәріптеу, ұлттық идеологияны нығайту, сондай-ақ Қазақстанның көркем табиғатын әлемге танытып, халықтар достығы мен экотуризмнің дамуына серпін беру.
“SAYAT” is a unique international project. Its main goal is to promote the life of eagle falconers, strengthen national identity, and showcase the beautiful nature of Kazakhstan to the world, contributing to friendship among nations and the development of eco-tourism.

«SAYAT» реалити-шоуына Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері және бірнеше Еуропа елдерінен қатысушылар шақырылады. Олар этноауылда түнеп, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, нағыз көшпелі өмір салтын сезінеді.
Participants from Mongolia, Kyrgyzstan, Uzbekistan, the United Arab Emirates, and several European countries will take part in the “SAYAT” reality show. They will stay in an ethno-village, taste traditional Kazakh dishes, and experience the authentic nomadic lifestyle.

Бағдарлама өз кезегінде әлем саятшылары арқылы елдер арасындағы достықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды халықаралық деңгейде насихаттауға негіз болады.
The program will strengthen friendship among nations through the global falconry community and serve as a foundation for the international promotion of national values.

Бағдарлама көрермендері ежелгі қазақ даласының мәдениетімен танысады. Қатысушылар ұлттық құндылықтармен тығыз байланысты жарыстарға қатысады — олардың қатарында атпен шабу, бүркітпен және басқа қыран құстармен аң аулау, қазақ тазысы (ит жүгірту) сияқты басты сайыстар бар. Сонымен қатар, саятшылардың қолөнер шеберлігін, яғни ат әбзелдері мен қамшы, теріден бұйым жасау өнерін көрсетеді.
Viewers of the program will get acquainted with the ancient culture of the Kazakh steppe. Participants will compete in traditional contests closely related to national values — including horseback riding, hunting with golden eagles and other birds of prey, and Tazy (Kazakh sighthound) races. They will also demonstrate handicraft skills such as making horse harnesses, whips, and leather goods.

«SAYAT» — қазақ халқы асыға күткен және әлемнің түкпір-түкпіріндегі саятшылар қызыға күтетін ерекше жоба.
“SAYAT” is a remarkable project eagerly awaited by the Kazakh people and falconers from around the world.

Егер сіз қазақтың ұлттық құндылықтарын, тарихи, мәдени және рухани мұрасын, соның ішінде дәстүрлі бүркітшілік өнерін сақтау мен дамытуға үлес қосқыңыз келсе, егер сіз саятшылық болашағына бейжай қарамайтын нағыз табиғат сүйер, өмір сүйер, саят сүйер азамат болсаңыз — біз сізді осы жобаға атсалысуға шақырамыз.
If you wish to contribute to the preservation, development, and promotion of Kazakh national values — its historical, cultural, and spiritual heritage, including traditional eagle falconry — and if you are a true lover of nature, life, and falconry who cares about its future, we invite you to join this project.

📍 «SAYAT» — ұлттық рухтың, бірліктің және дәстүрдің символы.
📍 “SAYAT” — a symbol of national spirit, unity, and tradition.

“SAYAT” international reality show is a unique project. The aim is to promote the eaglefalconers life and to straighten the national ideology. Introducing th...

25/07/2025

Бапта, бақ та шабатын күн көп болсын ағайын!!!

Send a message to learn more

АЛБАН сөзі әлем тілдерінде -таза, нақты, ресми, биік, асқар, ақ деген мағаналарды береді. Латынша "albus" — ақ, таза дег...
29/06/2025

АЛБАН сөзі әлем тілдерінде -таза, нақты, ресми, биік, асқар, ақ деген мағаналарды береді.
Латынша "albus" — ақ, таза деген мағынада;
Кельт және латын тілдерінде де «alban» немесе «alb» түбірі – асқар, биік, таулы аймақ мағынасына жуық;
Маңғол тілінде "албан"- ресми, нақты деген мағынада;
Араб тілінде "ألبان"- сүт (анықтауыш) сүттей, ақ деген мағынада;
Қазақ кеңес ғылымдары «албан» сөзінің түркі тілдеріндегі "ал" (биік, асқар) + "бан" (жер иесі, мырза) деген екі түбірден шығуы мүмкін деп тұжырымдайды. Яғни, олардың пайымдауынша Албан елінің атауы "биік өлкенің иесі", "таулы аймақ адамы" дегенді білдіреді. «Албан» сөзі – тек ру атауы ғана емес, оның бойында биік табиғат, иелік, мәртебе мен тектілікке қатысты семантикалық қабаттар бар. Ғылыми көзқарас тұрғысынан, бұл атау «асқар таулы өлкенің иесі» деген көп мағыналы тарихи-этнолингвистикалық ұғым ретінде сипатталады.

Құрметті ат баптап, ит жүгіртіп құс салған саятшы қауым!Халықаралық Саятшылар Қауымдастығың ( ХСҚ) https://www.facebook....
17/06/2025

Құрметті ат баптап, ит жүгіртіп құс салған саятшы қауым!
Халықаралық Саятшылар Қауымдастығың ( ХСҚ) https://www.facebook.com/IAF.org ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралары ретінде Қазақ саятшылары https://www.facebook.com/www.sayat.kz/ ХСҚ жұмыс топтарының қызыметтерін әрбір электрондық ақпараттық бюллетень әртүрлі топтардың жаңалықтары мен жоспарларын қамти отырып, ағымдағы бастамалары және ХСҚ миссиясын ілгерілетудегі рөлі туралы толығырақ шолуды мүмкіндігінше жиі назарларыңызға ұсынып отырамыз.

Эл-қ хабарламаны әлем тілдерінде жария жасап отырған ерікті аудармашыларға алғысымыз шексіз! Аударымға қатысуға ниеттенсеңіз [email protected] -қа хабарласыңыз. Басқа ті...

https://preview.mailerlite.io/preview/805192/emails/157177902802143216
17/06/2025

https://preview.mailerlite.io/preview/805192/emails/157177902802143216

Эл-қ хабарламаны әлем тілдерінде жария жасап отырған ерікті аудармашыларға алғысымыз шексіз! Аударымға қатысуға ниеттенсеңіз [email protected] -қа хабарласыңыз. Басқа ті...

16/06/2025

КӨНЕ ӨРКЕНИЕТТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Олжас Сүлейменов қазақ тілінің көне өркениетпен байланысын дәлелдеп, қазақ тіліне қатысты маңызды ғылыми жаңалығын жария етті. Оның айтуынша, көне Египеттен бастау алатын “Осирис заңы” — егіншілікке негізделген өмір философиясы — алғаш рет нақты әрі толық түрде қазақ тілінде көрініс тапқан деп хабарлайды. Бұл тұжырымдаманы Олжас Сүлейменов ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттер жақындасуы халықаралық орталығының зерттеулері нәтижесінде анықтаған. Ол орталықты он жылдан бері басқарып келеді. Сүлейменовтың айтуынша, көне ритуалдарда Осирис құдайы жерге жатқызылып, денесінен өсімдіктер өсіп шыққаны бейнеленген. Бұл – табиғаттың, өмірдің және қайта тірілудің символы. Бұл идея қазақ тілінде сақталған үш сөзбен үйлеседі: “Өс”, “Өсір”, “Өсіріс” – яғни өсу, өсіру, өсіру процесі.
– Осындай мағыналық әрі грамматикалық үйлесімділік әлемнің өзге ешбір тілінде жоқ. Бұл қазақ тілінің терең философиялық әлеуетін дәлелдейді, – дейді Сүлейменов.
Ол сондай-ақ Осирис дәуірінде оғыздар мен қазақтардың бабалары өркениеттің дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті.
https://offside.kz/vne-igry/16773-suleimenov-tolko-kazakhskii-sokhranil-iazyk-drevnego-znaniia

14/03/2025

ІЗДЕГЕНІ ӨСЕК ЕМЕС ӨНЕР БОЛСА,
ҰЛ-ҚЫЗДАРЫ ШЕТІНЕН ШЕБЕР БОЛСА
ОҚЫП ТУҒАН ҚАЗАҚ БАЛАСЫНА КЕЗ КЕЛГЕН КӘСІПТІ МЕҢГЕРУГЕ АЗҒАНТАЙ УАҚЫТ ЖЕТІП ЖАТЫР!!! https://www.facebook.com/share/r/1BQDDTtFN7/

Address

Aqtöbe
041409

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when SAYAT posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to SAYAT:

Shortcuts

Share