Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы

Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы "Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы" КММ

05/08/2026

Бүгін еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан спортшымыз — Кальяхмет Айбекке спорттық дәрумендер табысталды.

Аталған спорттық дәрумендер спортшының денсаулығын қолдау және оқу-жаттығу жиындары кезеңіндегі ағзаның қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында дәрігерлердің ұсынымдары мен нұсқауларына сәйкес берілді.

Сонымен қатар, ұсынылған өнімдер Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) талаптарына сәйкес сертификатталған және спортшының қолдануына рұқсат етілген.

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен жастар арасындағы Әлем чемпионаты 2026 жылғы 16–23 тамыз аралығында Словакия Республикасының Братислава қаласында өтеді.

Спортшымызға алдағы Әлем чемпионатында жоғары нәтижелер мен сәттілік тілейміз!

31/07/2026

Олимпиадалық резервтер дайындау орталығының басшысы Байжөке Досжан Ержанұлы ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушыларына спортшылардың дайындығын күшейту мақсатында спорттық дәрумендер табыстады.

Аталған қолдау алдағы Азия чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын спортшылардың оқу-жаттығу процесінің сапасын арттырып, олардың халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуына мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

31/07/2026

Бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайында Иордания Хашимит Корольдігінің Амман қаласында өткен жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 73 кг салмақ дәрежесінде ел намысын абыроймен қорғаған Закиров Мұхамедәлиді салтанатты түрде қарсы алдық.

Азия чемпионатында күміс жүлде иеленіп, Қазақстанның мерейін үстем еткен спортшымызды айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, көк Туымызды әлемдік ареналарда желбірете беруіне тілектеспіз! 🇰🇿🥈👏

30/07/2026

2026 жылдың І жартыжылдығы қорытындыланды 🏃‍♂️🏆

Алматы облысының Олимпиадалық резервтер дайындау орталығында жеңіл атлетика бөлімінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды.

Жиын барысында Орталық басшысы Байжөке Досжан Ержанұлы жартыжылдық қорытындысын шығарудағы негізгі мақсат – спортшылардың жетістіктерін саралап қана қоймай, алдағы кезеңдегі жұмыс бағытын нақтылау, кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру екенін атап өтті. Сондай-ақ бөлімнің қажеттіліктері мен көрсетілуі тиіс қолдау мәселелері талқыланды.

Осы бағытта басшы жеңіл атлетика бөлімінің аға жаттықтырушысы Ерёмин Валериймен пікір алмасып, оқу-жаттығу үдерісі, спортшылардың дайындығы және алдағы жарыстарға дайындығы жөнінде әңгімелесті.

Әдіскер Жанна Нұрымбетова І жартыжылдықтағы спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, облыс намысын республикалық және халықаралық жарыстарда абыроймен қорғаған спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін ерекше атап өтті.

І жартыжылдық қорытындысы бойынша жеңіл атлетика бөлімінің спортшылары 9 алтын, 2 күміс және 6 қола жүлде иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Жиын соңында басшы алдағы Әлем чемпионатына және Қазақстан Республикасын�

23/07/2026
21/07/2026

2026 жылғы 21 шілдеде Алматы облысының Олимпиадалық резервтерді дайындау орталығында ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушыларының қатысуымен 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары бойынша кеңейтілген тыңдалым өткізілді.

Тыңдалым барысында ересектер, жастар және жасөспірімдер құрамаларының 2026 жылдың алғашқы алты айындағы спорттық нәтижелері жан-жақты талданып, оқу-жаттығу процесінің орындалу деңгейі, спортшылардың дайындық көрсеткіштері және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары қарастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, Азия чемпионатына және Азия ойындарына дайындық жұмыстарының барысы сараланып, спортшылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Жаттықтырушылар тарапынан дайындық процесін жетілдіру, спорттық нәтижелерді жақсарту және резерв құрамындағы спортшыларды сапалы даярлау бойынша ұсыныстар айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы жарыстарға дайындық жұмыстарын күшейту, оқу-жаттығу жиындарының тиімділігін арттыру және спортшылардың функционалдық әрі техникалық-тактикалық дайындығын жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жиы

Address

Город "Конаев", Улица Кунаева 19
Almaty

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category